Астанада тұңғыш рет халықаралық Құран жарысы өтеді

30 елден келетін қарилар Құранды толық жатқа оқудан бақ сынайды.

Астанада тұңғыш рет халықаралық Құран жарысы өтеді
ашық дереккөз

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 1-2 қараша күндері Астана қаласында ұлттық мерекеміз – Республика күніне орай І халықаралық Құран жарысы өтеді, деп хабарлады turkystan.kz.

ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте тұңғыш рет өтетін халықаралық Құран жарысына Индонезия, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабия Корольдігі, Америка, Мысыр Араб Республикасы, Түркия, Ресей, Кувейт, Гвинея сынды 30 елден келетін қарилар Құранды толық жатқа оқудан бақ сынайды.

«Халықаралық Құран жарысына Түркия, Мысыр Араб Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан Республикасынан келетін әлемге танымал, тәжірибелі қарилар қазылық етпек», – делінген хабарламада.