Астанада көлік ұрлаумен айналысқан 7-сынып оқушылары ұсталды

Астанада 14 жастағы екі жасөспірім есігі ашық тұрған көлікті ұрлап кеткен.

Астанада көлік ұрлаумен айналысқан 7-сынып оқушылары ұсталды
Ашық дернккөз
883

Полицияның мәліметінше, 14 жастағы кәмелетке толмаған екі жасөспірімнің төрт ұрлық оқиғасына қатыстылығы анықталған.

Жасөсіпірімдер түнгі уақытта олар тұрғын үйдің жанында есіктері ашық тұрған Lada 21705 көлігіне отырып, құны 3 миллион теңгеден асатын көлікті ұрлап кеткен. Жәбірленушінің шағымынан соң, сағат 03:20 шамасында М.Төлебаев пен Б.Момышұлы көшелерінің қиылысында жасөспірімдер мінген көлікті патрульдік полиция бригадасы байқап қалған.

Полиция қызметкерлерінің талабын елемеген кәмелетке толмағандар жылдамдықты арттырып, көлікпен қашпақ болған. Көп ұзамай көлікті тоқтатып, оны тастай қашқан жасөспірімдер полицияның қолына түсті.

“Тергеу барысында жасөспірімдердің сыныптас екені және қалалық мектептің 7-сыныбында оқитыны анықталды. Қазіргі уақытта ұрлық фактісімен ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағандар кінәсін мойындап, кепілдікке ата-аналарына тапсырылды”, – делінген полиция хабарламасында. 

Серіктес жаңалықтары