Франция ішкі істер министрі Жеральд Дарманен Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубында ойнайтын, Франция құрамасының футболшысы Кәрім Бенземаның лаңкестік ұйыммен байланысы барын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
«Кәрім Бензема мырзаның «Мұсылман бауырлар» ұйымымен байланысы бар», — деп келтірді министрдің сөзін Marca.
Бензема 15 қазанда Палестинаны қолдап, әлеуметтік желіде жазба жариялаған. Бұл үшін оны француз журналисі Даниэль Риоло, сондай-ақ Израиль құрамасының экс-голкипері әрі Дуду Ават сынға алған еді.