Өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің атына көше берілді

Көше Астана қаласындағыҮркер шағын ауданында орналасқан.

Өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің атына көше берілді
ашық дереккөз
1347

Құтқарушылар күні қарсаңында Астана қаласы Үркер шағын ауданында өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің есімі берілген көшенің ашылуы өтті.

Көшенің ашылуына Асқар Забикулиннің туыстары, жұбайы мен балалары және азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, Астана қаласы ТЖД басшылығы мен жеке құрамы қатысты.

Сондай-ақ шара барысында А.Забикулиннің жақындары, ТЖД қызметкерлері мен ардагерлері ағаш отырғызды.

Еске салсақ, 2022 жылдың 16 қарашасында Астанада 15 қабатты үйден өрт шықты. Салдарынан 3 адам, оның ішінде бір бала ауруханаға түсті. Бірнеше адамды құтқарған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің денесін 80% күйік шалып, жансақтау бөліміне жатқызылды. 20 қарашада ол астаналық ауруханада қайтыс болды. Дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше күн күрескен болатын.

Мемлекет басшысы ерлік көрсеткен және бірнеше адамның өмірін құтқарған елордалық өрт сөндірушілерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Асқар Забикулин I дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. 20 желтоқсанда оған «Алтын адам» сыйлығы табыс етілді.

 

Серіктес жаңалықтары