Желіде құдалыққа тікұшақпен келіп, доллар шашқандардың видеосы қызу талқыға түсті

Ерекше құдалық Алматы облысына қарасты Тұздыбастау ауылында өткен болуы мүмкін, бірақ нақты емес.

Желіде құдалыққа тікұшақпен келіп, доллар шашқандардың видеосы қызу талқыға түсті
скриншот

«Тік-ток» әлеуметтік желісінде тараған видеода құдалыққа құдалардың Тұздыбастау ауылына тікұшақпен ұшып келгені көрсетілген.

Сондай-ақ, кадрдан адамдардың жерден доллар жинап жүргенін байқауға болады.

Видеоны көрген желі қолданушылары бейнежазба астына түрлі пікір қалдырды.

 «Ысырап», «дарақылық», «мақтаншақтық» десе, енді бірі «жастар бақытты, қазағым бай-қуатты болсын, - деп жазды.

Алайда бұл видеоның Алматы облысына қарасты Тұздыбастау ауылында түсірілгені нақты емес.

Ал облыстық полиция депаратаменті қазір жеке әуе компаниялардың көп екенін, видеода ешқандай заңбұзушылық жоқ екенін айтты.