«Ақпан айында»: Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альвареспен жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді
Боксшы Канелоны ақпан айында жұдырықтасуға шақырды.
WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (60-2-2, 39 КО) жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.
Боксшы Канелоны ақпан айында жұдырықтасуға шақырды. Жәнібек Әлімханұлы әйгілі "Канелоға" Instagram парақшасында үндеу жасады.
«Менің дайын екенімді білесіздер. «Канело» дайын болса, ақпан айында жұдырықтасуға дайынмын. Маған төрт белбеу керек. Оны оңайшылықпен нокаутқа түсіре аламын. Бокстан хабарыңыз болса, бәрін білесіздер», - деп жазды қазақстандық боксшы Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) 15 қазанда германиялық Винченцо Гуальтьериді (21-0-1, 7 КО) жеңген болатын.