Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлы қайтыс болды

Суық хабарды «Орталық Қазақстан» газеті Бас редакторының орынбасары Ілияс Мұқаев хабарлады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлы қайтыс болды
ашық дереккөз

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Несіпбек Айтұлы дүниеден өтті.

Суық хабарды «Орталық Қазақстан» газеті Бас редакторының орынбасары Ілияс Мұқаев жеткізді.

«Бостандық жырының бозжорғасы Несіпбек ағамыз да жалғанды тәрк етіпті…

Өзіңізбен бірге қазақ жырының бір дәуірі көшті, қош, Нес-аға!» деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Сайт редакциясы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз!