Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін қайдан көруге болады?

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары осы кездесуді көрсетеді.

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Ашық дереккөз

Орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы германиялық Винченцо Гуальтьеримен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлады turkystan.kz.

АҚШ-тың Техас штатындағы Розенберг қаласында өтетін бокс кешін «Qazsport» телеарнасы 15 қазан сағат 07:00-ден бастап тікелей эфирде көрерменге ұсынады. Ал «Qazaqstan» ұлттық арнасы Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін көрсету үшін эфирге сағат 10:00-ден бастап қосылады.