872
Мешітте ұрлық жасаған тараздық тұрғын ұсталды
Тараз қаласының 34 жастағы тұрғыны ұсталды.
Мешітте ұрлық жасаған Тараз қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.
«11 қазан күні орталық мешітте белгісіз адам келушілердің намаз оқып жатқанын пайдаланып, 45 жастағы азаматтың ілулі тұрған күртешесінің қалтасынан құны 250 мың теңге тұратын Oppo 7 телефонын және оның 29 жастағы досының 570 мың теңгелік IPhone 13 телефонын ұрлап кеткен», – делінген ІІМ-нің хабарламасында.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын сотты болған Тараз қаласының 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.