822
Петропавл әкімдігі 8 млн теңгеге кілем сатып алмақшы болған
Нәтижесінде, 7,8 млн теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану әрекеті тоқтатылды.
СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, бұл жағдай мемлекеттік сатып алулар сайтына жүргізілген мониторинг барысында анықталған.
"Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің араласуынан кейін Петропавл қаласы әкімінің аппараты шаршы метрін 35 000 теңгеге сатып алу жоспарланған кілемдерді сатып алу бағасын қайта қарады, нәтижесінде, 7,8 млн теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану әрекеті тоқтатылды", – делінген хабарламада.