Президент: жасанды интеллект технологиясы адамзатқа қауіп-қатер төндіруі мүмкін

Технологиялық даму заманында ұжымдық қауіпсіздік мәселесі бақылауда болуы керек.

Президент: жасанды интеллект технологиясы адамзатқа қауіп-қатер төндіруі мүмкін
akorda.kz
856

Бүгінде адамның ақыл-ойынан машина, яғни технология үстем болатын заман орнығуда. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge форумында айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
 

«Басқаша айтқанда, жасанды интеллект технологиясы адамзатқа қауіп-қатер төндіруі мүмкін. Мұның арты неге әкеп соқтыратыны белгісіз. Ғалымдар арасында бұған қатысты ортақ пайым жоқ.

Яғни, жасанды интеллект адамзатқа игілік әкеле ме, әлде құрдымға кетіре ме деген сұрақ әлі де өзекті болып тұр. Сондықтан осы мәселеге саналы түрде қарап, жасанды интеллектінің дамуын жіті назарда ұстау – аса маңызды міндет.

Мысалы, кезінде атом энергетикасымен қатар атом қаруы пайда болды. Сол кезде жаһандық қауіпсіздікті сақтау үшін жаңа қағидаттар қалыптасты. Бұл – технологиялық даму заманында ұжымдық қауіпсіздік мәселесі бақылауда болуы керек деген сөз», – деді Президент.

Серіктес жаңалықтары