Мейрамбек Бесбаев не себепті туған күнін тойламайтынын айтты

Әнші биыл туған күнін тойламайтынын айтты.

Мейрамбек Бесбаев не себепті туған күнін тойламайтынын айтты
Фото:и ашық дереккөз

Әнші Мейрамбек Бесбаев  “Таңшолпан” бағдарламасына берген сұхбатында туған күні қарсаңында көкпар өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Мен аса шаң-топалаңды ұнатпайтын адаммын. Бірақ көп достарым «Көкпар беретін кезің келді. Қазақтың ұлттық спортына қосқан үлесің болсын» деп мені көндірді. Қазір маған түкпір-түкпірден хабарласып, келетінін айтып жатыр. Тараз қаласында өтеді. Салым қорының да 25 миллион теңге екенін айтып қойдық. Одан да басқа сыйлықтар болады. Достарыма рахмет айтамын», – дейді Мейрамбек Бесбаев.

Әнші көкпар өткізгелі жатқандықтан биыл туған күнін тойламайтынын айтты.