«Елді таңдап қойдық»: Ерке Есмахан шетелден үй алатынын айтты

Ерке Есмахан бұл туралы оқырмандарының бірі қойған сауалына жауап бергенде мәлімдеді.

«Елді таңдап қойдық»: Ерке Есмахан шетелден үй алатынын айтты
Әлеуметтік желіден алынды

Жұлдызды жұп Райым Бақтыгереев пен Ерке Есмахан шетелден үй сатып алуды жоспарлап жүргенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Күйеуім жазда Алматыдан жер үй аламын деп, ол ойдан қайттық. Ақылдаса келе, Қазақстанда бір үй бар, екінші үйді шетелден алайық деп шештік. Елді таңдап қойдық. Түбегейлі көшпесек  те, айлап тұратын боламыз. Алла бұйыртса, ол күн де алыс емес. Әзірге бар ойымыз кішкентайдың қамы. Аман-есен босанып алайын» деп жазды Ерке Есмахан Instagram парақшасында.