Ақтөбедегі газ құбырында апат болды (ВИДЕО)

Оқиға 9 қазан күні кешкі уақытта Ақтөбедегі реттеу стансасында болған.

Ақтөбедегі газ құбырында апат болды (ВИДЕО)
Скриншот
3038

Апатқа қатысты Ақтөбе қаласының әкімдігі Facebook-тегі ресми парақшасында пікір білдірді. 

 

Ведомство мәліметінше, 9 қазанда сағат 21:51-де Береке тұрғын үй алабы ауданындағы реттеу стансасында газ ауаға тарап жатқандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет, Ақтөбе облысы ТЖД, «ҚазТрансГаз аймақ» АҚ қызметкерлері барған. Газдың ауаға таралуы тоқтатылған. 

Сондай-ақ әкімдік тұрғындарға газ беру тоқтатылмағанын, газ қасындағы қосымша желіден беріліп жатқанын атап өтті. Зардап шеккендер жоқ. 

«Диапазон» басылымының жазуынша, бастапқыда газ құбырында жарылыс болды деген ақпарат тараған. Алайда оқиға орнына келген құтқарушылар бұны жоққа шығарған. Белгілі болғандай, газ жарылысы емес, газ құбырында ақау бар екендігі анықталған.

 

Серіктес жаңалықтары