1092
Экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты анықталды
Ресми мәліметке сүйенсек, еңбек нарығындағы гендерлік айырмашылықтың негізгі себептерін ашқан Клаудия Голдин әйелдердің табысы және олардың ғасырлар бойғы еңбек нарығындағы рөлі туралы алғашқы жан-жақты есепті ұсыныпты.
Экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz nobelprize.org-ке сілтеме жасап.
Швеция корольдік Ғылым академиясы әйелдердің еңбек нарығындағы жағдайын түсіндіруді жақсартуға қосқан үлесі үшін Клаудия Голдинге экономика ғылымы бойынша Нобель сыйлығын беру туралы шешім қабылдады.
Ресми мәліметке сүйенсек, еңбек нарығындағы гендерлік айырмашылықтың негізгі себептерін ашқан Клаудия Голдин әйелдердің табысы және олардың ғасырлар бойғы еңбек нарығындағы рөлі туралы алғашқы жан-жақты есепті ұсыныпты.
Клаудия Голдин мұрағаттарды зерттеп, 200 жылдан астам уақыт ішіндегі АҚШ деректерін жинаған, бұл оған гендерлік айырмашылықтың қалай және неге өзгергенін көрсетуге мүмкіндік берді.