1324
Жеке клиникалардағы бағаны естігенде, адам ауруын ұмытып қалады – депутат
Үкімет сағатында депутат Нартай Сәрсенғалиев тұрғындар тарапынан түскен шағымдарды ортаға салды.
Мәжілісте Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің мәселелеріне қатысты Үкімет сағаты өтті, деп хабарлады turkystan.kz.
Үкімет сағатында депутат Нартай Сәрсенғалиев тұрғындар тарапынан түскен шағымдарды ортаға салды.
«Оның ішінде терапевті, одан кейін тар бейінді маманды апталап күтеміз, қайтадан терапевке айналып келеміз деген мәселе бар. Ревматолог, невропатолог мамандарының жетіспейтінін халық жиі айтады. Азаматтар жеке клиникаларға барып емделуге мәжбүр болады. Бірақ ондағы бағаларды естігенде, адам ауруын ұмытып қалатын жағдайға жетеді», – деді депутат.
Осы ретте депутат халықтың уақыт жоғалтай, емделу туралы талабын және жеке клиникалардағы баға саясатын реттеу мүмкіндігін министрлік қалай шешетінін сұрады.