Елімізде арақ арзандады

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, бір айдағы арзандау 2011 жылдан бері алғаш рет тіркелген

Елімізде арақ арзандады
ашық дереккөз

Қыркүйекте арақ-шарап тамызға қарағанда 0,2%-ға арзандады, деп хабарлады turkystan.kz Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, бір айдағы арзандау 2011 жылдан бері алғаш рет тіркелген. Алайда, баға өткен айдағыға қарағанда ғана арзандаған. Ал жыл басынан бері арақ бағасы 5,1%-ға өскен.

Өткен қыркүйекке қарай шарап бағасы 12,6%-ға, биылғы тамызбен салыстырғанда 0,9%-ға қымбаттады. Өткен қыркүйекте сыра бағасы бірден 22,8%-ға өскен.