Қазақстанда тағы бірнеше жол ақылы болады

Кейбір жолдар бүгіннен бастап ақылы болмақ.

Қазақстанда тағы бірнеше жол ақылы болады
Ашық дереккөз
3814

Қазақстанда жаңа ақылы жолдар пайда болады. 

Қазавтожолдың хабарлауынша, 8 қазаннан бастап II және III техникалық санаттағы жолдарда ақы алу жүйесін кезең-кезеңімен іске қосу процесі басталды. Бұл жол учаскелерінде ақы алу жүйесін енгізу туралы бұйрықтар әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өткен. 

Осылайша, бүгіннен бастап "Павлодар-Семей-Қалбатау" күре жолында ақы алу жүйесі іске қосылды. 

Алдағы уақытта 5 жол учаскесінде ақы алу жүйесі іске қосылады, яғни: 

2023 жылғы 9 қазанда "Бейнеу-Ақжігіт"; 

2023 жылғы 10 қазанда "Орал-Самара"; 

2023 жылғы 14 қазанда "Павлодар-Омбы"; 

2023 жылғы 16 қазанда "Көкшетау-Петропавл" күре жолдарында жаңа өзгеріс күшіне енеді.

"Сонымен қатар "Орал-Саратов" жолында ақы алу жүйесін іске қосу туралы бұйрық келісудің соңғы сатысында тұр", - делінген хабарламада. 

Бұл ретте жеңіл көліктер төлемнен босатылды. Жолақысын 2-6 санатқа жататын жүк көліктері төлейді.

  1. 16 орындық автобустар мен жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейін – 5 тг/км; 
  2. 32 орындық автобустарға және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк көліктеріне – 10 тг/км; 
  3. 32-ден астам орындық автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – 15 тг/км; 
  4. Жүк көтерімділігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 20 тг/км; 
  5. Жүк көтерімділігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері – 25тг/км.

"Ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем қарастырылған. Жазылымның айлық құны 1-ден 5 АЕК-ке дейін болады. Жылдық абоненттік құны 12-ден 60 АЕК-ке дейін болады", - деп хабарлады компаниядан. 

Абоненттік төлем туралы толығырақ ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Серіктес жаңалықтары