Лионель Месси «Барселонаға» оралуы мүмкін

Месси командасына тарихтағы алғашқы жүлдені жеңіп алуға көмектесті.

Лионель Месси «Барселонаға» оралуы мүмкін
Ашық дереккөз

«Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси жақын арада «Барселонаға» қайта оралуы мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Журналист Хосеп Капдевиланың ақпаратынша, егер оның қазіргі командасы MLS лигасының плей-офф кезеңіне өте алмаса, “Барселона” “Интер Майамиге” ойыншыны жалға беру туралы ұсыныс жасайды. Егер «Интер Майами» плей-офф кезеңіне өте алмаса, Месси қазан айынан ақпанға дейін (жолдастық кездесулерді есептемегенде) жаттығусыз қалады.

Еске сала кетсек, Лионель Месси "Интер Майамидің" құрамында осы жылдың шілде айынан бері өнер көрсетеді. 36 жастағы аргентиналық америкалық клуб сапында 12 матч өткізіп, 11 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.