Қайрат Сатыбалды мен Серік Күдебаев түрмеде жұмыссыз жүр

Осы олқылықтың орнын толтыру үшін жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

Қайрат Сатыбалды мен Серік Күдебаев түрмеде жұмыссыз жүр
stan.kz

Колония бастығы олигарх пен экс-генералды матрас жасайтын цехқа орналастыру жоспарда бар екенін айтады, деп хабарлады turkystan.kz Информбюро жаңалықтарына сілтеме жасап.

250 адам жазасын өтеп жатқан қауіпсіздігі орташа колонияда 50 адамға ғана жұмыс бар. Сондықтан қызметін асыра пайдаланды деп 10 жылға сотталған Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев пен «Қазақтелеком» ақшасын ұрлады деп 6 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Сатыбалдыға жұмыс табылмаған.

Осы олқылықтың орнын толтыру үшін жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

Айта кетейік, Өскемен қаласындағы бұл түрмеде Қайрат Сатыбалдының жазасын өтеп жатқанына бір жылдан асқан.