Астанада 545 млн теңгенің 113 жобасы мақұлданды

Астанада тұрған ШОБ субъектілерінің саны 226 379 бірлікті құрады.

Астанада 545 млн теңгенің 113 жобасы мақұлданды
stan.kz

Елордада қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 226 379 бірлікті құрады. Онда 499 445 адам жұмыс істейді. Бұл белсенді халықтың 72.8%-ын құраған, деп хабарлады turkystan.kz.

Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілері санының (21,6%), сондай-ақ ШОБ саласында жұмыспен қамтылғандарсанының (13.2%) өсуінің оң серпіні анықталған. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров мәлім етті.

​ШОБ субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін әкімдік кәсіпкерлерді қолдау бойынша бірқатар шаралар жүргізуде. Оның ішінде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегіұлттық жоба шеңберінде 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік гранттар беруді жеке кәсіпкерлерге, субъектілерге ұсынады.

«​Ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес конкурстық іріктеуге қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне кіретін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері, «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасына қатысушылар және экономика басым секторлар шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, тіркеу мерзімі 3 жылдан аспайтын басқа да дара кәсіпкерлер болуы мүмкін», - деді спикер.

​Конкурс жыл сайын өткізіледі. 2023 жылы өтінімдерді қабылдау 7-16 тамыз күндері kezekte.kz ақпараттық платформа арқылы өтті. ​Барлығы 1971 өтінім келіп түсті. Бұл ретте конкурстық комиссия алдында қорғауға 1118 өтінім жіберілді.

Конкурстық комиссияның шешімімен 545 млн теңгеге 113 жоба мақұлданды.