Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғады.

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
pixabay.com

«Қазгидромет» РМК демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғады.

«Қазақстанның батысында бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде жаңбыр жауып, бұршақ жаууы ықтимал. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі», – делінген хабарламада.
 

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы түнде 2-12 градус жылы болады. 7 қазанда солтүстікте кей аудандарда ауа температурасы +1 градусқа дейін төмендейді, күндіз солтүстікте 10-20 градус, оңтүстікте 15-27 градус жылы болады.