Президент Баспасөз хатшысының орынбасары тағайындалды

Эльдар Бақпаев ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Президент Баспасөз хатшысының орынбасары тағайындалды
Берік Уәлидің Facebook парақшасынан
784

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

«Отандық телевизияда өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан, мемлекеттік қызметте де едәуір тәжірибе жинаған Эльдар Құсманұлы Бақпаев Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін «Хабар 24» телеарнасының директоры қызметін абыроймен атқарып келді. Әріптесімізге сәттілік тілейміз!» деп жазды Берік Уәли.

Серіктес жаңалықтары