1333
Алматылықтар мен қызылордалықтар ақшаны көп жұмсайды
Қоғамдық тамақтану орындарының қызметі бір жылда 13,1%-ға қымбаттады.
Ел азаматтары жан басына шаққанда орта есеппен мейрамханалар мен дәмханаларға 2 100 теңге шығындайды, деп хабарлады Turkystan.kz. әлеуметтік зерттеу нәтижесіне сүйеніп.
Биыл қоғамдық тамақтану орындарының қызметі 13,1%-ға, оның ішінде мейрамханадағы түскі ас - 5,2%-ға, асханадағы түскі ас - 11,8%-ға, фастфуд 13,5%-ға қымбаттады.
Атап көрсетерлігі, алматылықтар мен қызылордалықтар мейрамханалар мен дәмханаларда көп ақша жұмсайды екен. Жан басына шаққанда орта есеппен алматылықтар қоғамдық тамақтану орындарында - 3 900, қызылордалықтар 3 700 теңге қалдыратын көрінеді.