Қайыңдыда туристер мінген екі автобус соқтығысқан

Алматы облысы Кеген ауданы Саты ауылы аумағында жол апаты болды.

Қайыңдыда туристер мінген екі автобус соқтығысқан
Алматы облыстық полиция департаменті
1454

Салдарынан бір адам қаза тауып, алты адам түрлі дене жарақатын алды.

Жол апаты туралы ақпаратпен журналист Диас Нұрақын өзінің Facebook парақшасында бөлісті.

«Пазик автобусы мен буханка  УАЗ соқтығысқан. Бірінде "Банан тур", екінші көлікте «Саяхаттайық» деген компанияның туристері болыпты. Барлығы 34 адам. Біреуі қаза тауып, 20-сы жараланған. Он турист аса ауыр хәлде екен. Оларды сол баяғы салдыр-салақ уазиктермен, ауылдағы таксистермен Жалаңаштағы, Кегендегі ауруханаларға жеткізген. Дер кезінде медициналық көмек көрсетілген жоқ», – делінген журналист жазбасында.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 5 қазан күні сағат 14:40 шамасында Кеген ауданы Саты ауылы аумағында, «Қайыңды-Саты» таулы автожолының 9-шақырымында 47 жастағы автобус жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1997 жылғы жүргізушінің басқаруындағы «УАЗ» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. 

Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша Кеген ауданы полиция басқармасында тіркелді. 

«Жол апаты салдарынан 36 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға 6 адам жеткізілді. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автобус жүргізушісі Кеген ауданы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Істі тергеу барысын мен бақылауға алдым» деп жазды Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов. 

Серіктес жаңалықтары