Футболдан жастар құрамасының ойыншысы түркиялық клубпен келісімшарт жасасты

18 жастағы футболшы бұған дейін Қазақстан жастар құрамасында өнер көрсеткен.

Футболдан жастар құрамасының ойыншысы түркиялық клубпен келісімшарт жасасты
©samsunspor.org.tr
1109

Футболдан жастар құрамасының ойыншысы Дінмұхамед Сайын түркиялық «Самсунспор» командасымен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды turkystan.kz Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Сайын – алматылық «Академия 05» клубының түлегі. Ол сол командадан түркиялық клубқа еркін агент ретінде өткен.

18 жастағы футболшы бұған дейін Қазақстан жастар құрамасында өнер көрсеткен. Бұл маусымда ол Екінші лигада жалпы саны 15 кездесу өткізіп, бір гол салып, екі рет голға пас берген.

Серіктес жаңалықтары