«Маңғыстау медиа» холдингінің бұрынғы директоры 4 жылға сотталды

Маңғыстау медиа холдингінің бұрынғы директоры төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Ал компанияның бухгалтері жеті жылға сотталды.

«Маңғыстау медиа» холдингінің бұрынғы директоры 4 жылға сотталды
Astana.tv

Екеуіне бірнеше бап бойынша айып тағылды, солардың ең бастысы - бюджет қаражатын ұрлау. «Маңғыстау медиа» ЖШС-нің бұрынғы басшысы сотқа қатысқан жоқ. Ол ауруханада. Бірақ оның көмекшісіне сот залында кісен салынды. Бұған дейін екі айыпталушы да үйқамақта болған.

«Дүтбаева Айсұлу Қабышқызы қылмыстық кодекстің 189-бабв, 3-бөлімі, 1, 2-тармағы «Сеніп тапсырылған бөтеннің қаражатын ысырап ету» бойынша кінәлі деп танылсын. Оған 4 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалсын», – деді Ақтау қалалық сотының судьясы Марет Ковраева.

Өткен жылдың мамыр айында аудиторлық тексеру жергілікті газеттер бірлестігінде 57 млн теңге жетіспейтіні анықталған. Бірақ прокурорлардың араласуынан кейін бұл сома 4 миллионға азайды. Ақша бірлесіп ұрланған деп есептелді. Медиахолдинг басшысы үш бап бойынша сотталды.

«Немқұрайлылығы – өзінің ЭЦҚ кілтін бухгалтерге тапсыруы. Бірақ немқұрайлылық бабы бойынша тек мемлекеттік қызметшілер сотталады, ал менің анам мемлекеттік қызметші емес. Біз апелляциялық шағым береміз», – деді сотталған директордың қызы Карина Құрманалина.