Бүгін – Мұғалімдер күні

Бұл датаны мерекелеу Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілген

Бүгін – Мұғалімдер күні
egemen.kz
764

Бүгін Қазақстанда Мұғалімдер мерекесі атап өтіледі. 1994 жылдан бері әлемнің 100-ден астам мемлекетінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленген. Алайда 2023 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда ұстаздардың кәсіби мерекесі 5 қазанда аталып өтеді.

«Биыл алғаш рет Ұстаздар күнін тойлау күні – 5 қазан болып бекітілді. Еске салайық, Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті қаулы қабылдаған болатын. Бұл датаны мерекелеу Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілген. Бұл мереке ең асыл, жауапты және маңызды мамандық өкілдерін біріктіреді», – деп хабарлады 25 қыркүйекте Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Тиісті басқарманың мәліметінше, бұл күні елордада мұғалімдердің республикалық съезі өтеді. Оған еліміздің барлық аймақтарынан 700-ге жуық ұстаз қатысады. Сайттарда мұғалімдер озық және халықаралық тәжірибесін ортаға салады.

Серіктес жаңалықтары