Астанада 536 адам өмір мен өлім арасында арпалысып жүр

Былтыр 4 мәйіт донор ретінде 16 адамның өмірін сақтап қалды.

Астанада 536 адам өмір мен өлім арасында арпалысып жүр
ашық дереккөз
3256

Шыбын жаны шырқыраған жандар ағза донорларының тапшылығын сезініп отыр, деп хабарлайды Turkystan.kz.

Қазақстанда заң бойынша тірі адамның және мәйіттің ағзасын донор ретінде пайдалануға болады. Алайда қоғамда өмірден өткен адамды ағзасына тиіспей, сол күйінде жерлеу қажет деген түсінік бар.

«3 953 науқас күту парағын ұстап отыр. Олар бүйрек, бауыр, өкпе, жүрек органдарына мұқтаж. Елімізде қайтыс болғаннан кейін ағзасын донор ретінде ұсыну көрсеткіші төмен. 2022 жылы небары 4 мәйіт донор ретінде 16 адамның өмірін сақтап қалды», – дейді Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың қоғаммен байланыс маманы Жәнібек Успанов.

Оның айтуынша, Астанада 536 адам өмір үшін күресіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары