Қоғамдық көлік, кинотеатр, ауруханаларды жайлап алған: Парижде қандала қаптады

Француз билігінің пікірінше, жәндіктердің таралуы гигиенаға байланысты емес.

Қоғамдық көлік, кинотеатр, ауруханаларды жайлап алған: Парижде қандала қаптады
knowyourmeme.com
1331

Олимпиада ойындарының басталуына бірнеше ай қалғанда Франция астанасында қандала қаптады. Жәндіктер Париждің қоғамдық орындарын, қоғамдық көліктерді, кинотеатрларды, медициналық мекемелерді жайлап алған, деп хабарлады turkystan.kz euronews-ке сілтеме жасап.

Халық әлеуметтік желіде метро мен автобустарда жорғалап жүрген қандалалардың бейнежазбасын таратып жатыр. Зиянкестер, тіпті, Шарль Де Голль әуежайында да байқалған.

Үкімет зиянкестермен күресу үшін "жұмыс тобын" құру туралы шешім қабылдады. 

"Қандала ежелден бері адамдарға зиян келтірген. Бұл гематофагты жәндіктер, яғни олар тек қанмен және адаммен қоректенеді", - дейді энтомолог дәрігер Моханд Арезки Изри.

Қандаланың шағуынан теріде қызыл дақтар немесе үлкен бөртпелер қалады. Нәтижесінде қатты қышу және аллергиялық реакциялар пайда болады.
Олар көбінесе психологиялық стрессті, ұйқының бұзылуын, мазасыздықты және депрессияны тудырады.

Француз билігінің пікірінше, жәндіктердің таралуы гигиенаға байланысты емес.

 

Серіктес жаңалықтары