«Өзімнен айнымайтын қара бала»: Ұлды болған ақын Серікзат Дүйсенғазы қуанышын бөлісті

Айтыскер ұлының есімін кім қоятынын айтты

«Өзімнен айнымайтын қара бала»: Ұлды болған ақын Серікзат Дүйсенғазы қуанышын бөлісті
скриншот
1426

Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы «Ұйқым келмейді» бағдарламасында берген сұхбатында келіншегі мен сәбиінің жағдайы туралы айтты.

«Көңіл күй керемет. Бұған дейін менің ұлым да, қызым да болды. Ол кезде бір ыңғай шаттанып жүретінбіз. Ал мына жағдай ойландырады. Марқұм Әлихан баламның дүниеден өтуі, араға 9 айдай уақыт салып оның орнына мына баламның келуі - Құдайдың құдіреті, хикмет. Мұсылман болған соң бір тылсымның бар екеніне сенесің. Аллаға сансыз шүкірліктер болсын. Жеңгелеріңіздің, баланың жағдайы жақсы. Баламды көрдім. Өзімнен айнымайтын қара бала. Ғұмыры ұзақ болсын! Негізі, балаларымды өзімнің жүрген жолыммен, ғылымға, өнерге тәрбиелеуге тырысамын», – дейді Серікзат Дүйсенғазин.

Айтыскер ұлының есімін кім қоятынын айтты.

«Балаларымның есімдерін академиктер қойған. Бұл балама де есім беретін академик ағаларымызды ойлап отырмыз. Бұйырса, жақсы есім қоямыз. Бұл бала Әлиханның ізбасары. Сол себепті Әлиханның ізін жалғаған қайраткерлердің есімін қоятын шығармыз деп топшылап отырмыз. Осы жайында ағайын-туысқандармен, отбасыммен ақылдасып жатырмыз. Әзір есім қоюға мұршам болған жоқ. Бірақ алдағы уақытта әлеуметтік желіден қандай есім бергенімізді білетін боласыздар.  Негізі ана мен баланың жағдайын уайымдадық. Менің жасым да елуді еңсерді. Бұған дейін елуге келіп ұрпақты боламын деп ойлаған жоқпын. Бұл бала Құдайдың құдіретімен, халықтың тілеуімен дүниеге келді. Сол халықтың тілеуімен ғұмыры ұзақ болып, Жамбыл атасының жасын жасап, еліне еңбек сіңірсе екен деймін», – деп жүрек түкпіріндегі арманымен бөлісті.

 

Серіктес жаңалықтары