Физика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды

1901 жылдан бастап физика бойынша Нобель сыйлығы 116 рет берілді, жалпы 222 адам лауреат атанған.

Физика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды
nobelprize.org

Физика саласы бойынша биылғы Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz nobelprize.org-ке сілтеме жасап. 

Электрондарды зерттеген АҚШ-тағы Огайо университетінің қызметкері Пьер Агостини, Макс Планк институтының және Германиядағы Людвиг-Максимиллиан университетінің қызметкері Ференц Краус және Швециядағы Лунд университетінің қызметкері Анн Л-Юилье физика бойынша биылғы Нобель сыйлығының лауреаттары атанды.

Физика бойынша 2023 жылғы Нобель сыйлығы Пьер Агостини, Ференц Крауш және Анна Л 'Ульяға "заттағы электрондардың динамикасын зерттеу үшін жарықтың аттосекундтық импульстарын тудыратын эксперименттік әдістер" үшін берілді, – деп жазылған ақпаратта.

1901 жылдан бастап физика бойынша Нобель сыйлығы 116 рет берілді, жалпы 222 адам лауреат атанған. Физика бойынша 47 сыйлық тек бір лауреатқа берілген екен. Қазірге дейін физика саласы бойынша сыйлықты 5 әйел иеленген: 1903 жылы – Мари Кюри, 1963 жылы – Мария Гепперт-Майер, 2018 жылы – Донна Стрикленд, 2020 жылы – Андреа Гез және 2023 жылы – Анна Л ' Ульиер. 1 адам, Джон Бардин, физика бойынша екі рет лауреат атанған. Физика саласындағы ең жас лауреат – Лоуренс Брагг, ол әкесімен бірге 1915 жылы 25 жасында сыйлық алған. Физика бойынша ең қарт лауреат – Артур Эшкин, ол 96 жасында лауреат атанған.