Заңсыз табыс тауып, 15 баланы жұмысқа алған: Бурабайдағы казино әкімшілігі жауапкершілікке тартылады
Прокурорлар казино 2 жыл ішінде 4,6 миллиард теңге заңсыз табыс тапқанын анықтаған.
Бурабайдағы казино 4,6 млрд теңге заңсыз табыс тапқан, деп хабарлайды turkystan.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
"Ақмола облысының прокуратурасы Бурабай ауданында орналасқан казинода ұтыс пайызы бойынша талаптар сақталмағанын және ойын автоматтарын заңсыз пайдаланғанын анықтады. Сот қаулысымен казино әкімшілігінің ӘҚБтК-нің 445-бабы 3-бөлігі бойынша 4,6 млрд теңге сомасында заңсыз алынған кірісі тәркіленіп, 6 ай мерзімге лицензиясы тоқтатыла отырып, 3 450 000 теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады Ақмола облыстық прокуратурасы.
Прокурорлар казино 2 жыл ішінде 4,6 миллиард теңге заңсыз табыс тапқанын анықтаған.
Сонымен қатар, ойын мекемесінде жұмыс істейтін кәмелетке толмаған 15 бала анықталды, ал заңнамада олардың еңбегін ойын бизнесі саласында пайдалануға тыйым салынады.
"Осы факті бойынша ҚР ҚК 153-бабы (кәмелетке толмағандарға қатысты ҚР еңбек заңнамасын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді, оны тексеру Ақмола облысының полиция департаментіне тапсырылды. Айта кетейік, ҚР ҚК 153 – бабының 2-бөлігінің санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады", - деп жазылған ақпаратта.