Жауапкершілігі мол ұстаздар ғана ұрпақ тәрбиелей алады – Нұргүл Әбішева

Ол – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ директоры

Жауапкершілігі мол ұстаздар ғана ұрпақ тәрбиелей алады – Нұргүл Әбішева
2265

Білім саласында үздіксіз еңбек етіп жүрген білікті мамандардың бірі – Нұргүл Әбішева. Ол жеті жылдан бері Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ директоры болып қызмет етеді. Әрі ол – «AMANAT» партиясының белсенді мүшесі, мұнымен қоса ол «Құрмет» бастауыш партия ұйымына төрағалық етіп, партия бастамаларын тиімді жүзеге асырып келеді.

Нұргүл Әбішева еңбек жолын мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып бастаған. Кейін Ақтөбе педагогикалық училищесінде, біліктілікті арттыру институтында еңбек етті, Ақтөбе облыстық ғылыми-практикалық орталығын басқарды. 2016 жылдан бастап Ақтөбе облысы бойынша филиалының «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ директоры болып жұмыс істеп келеді.

Үнемі білімін жетілдіріп, үнемі ізденіс жүретін ол Алматы қаласындағы Абай атындағы мемлекеттік университетте диссертациялық жұмысын қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алды. Сондай-ақ Оңтүстік Кореяның Токио қаласына барып, біліктілігін арттырып келді. Ол – бірнеше оқу-әдістемелік құралдардың, ғылыми мақалалардың авторы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Педагог-зерттеушісі» атағының иегері.

«Жауапкершілігі мол ұстаздар ғана ұрпақ тәрбиелей алады. Білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет екенін Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында айтты. Біздің институт мұғалімдердің біліктілігін арттырумен айналысады. Білім беру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру мақсатында еңбектеніп келеміз», – деді Нұргүл Әбішева.

Сондай-ақ, Нұргүл Әбішева – партияның Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің, Білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңестің мүшесі. 2019 жылдан бері «Құрмет» бастауыш партия ұйымын басқарып, 500-ден астам партияластарымыздың басын біріктіріп отыр. Осы жылдар ішінде «Құрмет» бастауыш ұйымы үздіктер қатарынан көрініп, белсендігімен танылды.

Серіктес жаңалықтары