Елімізде 5 мың азамат сауаттылық сынынан өтпек

Елімізде 5 мың азамат сауаттылық сынынан өтпек

Елімізде 5 мың азамат сауаттылық сынынан өтпек
ашық дереккөзі
Биыл республика бойынша 15 пен 65 жас аралығындағы 5 мың азамат халықаралық сауаттылық сынағынан өтеді, – деп хабарлайды  24.kz арнасы. Халықаралық сауаттылық сынағы туралы Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросы ұйымдастырған басқосуда мәлім болды. Шараға жиналғандар Біріккен Ұлттар Ұйымының «Білім беру-2030» бағдарламасының орындалуы жайында баяндама жасады. Қазақстан аталған ұйымның бұған дейінгі бағдарламасын табысты аяқтап, ЮНЕСКО-ның рейтингінде 197 елдің арасында 8-орынға тұрақтаған. Ендігі міндет – сапалы білім беруді қамтамасыз ету. Мамандардың айтуынша, халықаралық сынақ үкіметке болашақта ел азаматтарына қандай мамандықтар оқыту керектігі жайында толық мағлұмат береді. «Тестілеудің нәтижесі халықаралық ұйымға жіберіледі. Олар өңдеу жасайды, содан кейін оның нәтижесін біз 19 жылда білетін боламыз. Алпыс жаста болсын, қырық жаста болсын, отыз жаста болсын. Қосымша мамандық алуға байланысты қосымша бағдарламалар ашылады», – дейді ҚР БҒМ Ақпараттық-сараптамалық орталығының вице-президенті Алмагүл Құлтуманова.