1706
Сағындық Тоғамбай Азия ойындарының жартылай финалына шықты
Жартылай финалда Сағындық Тоғамбай қытайлық Сюэчжэн Ханмен жұдырықтасады.
Сағындық Тоғамбай Ханчжоудағы Азия ойындарының жартылай финалына шықты, деп хабарлады turkystan.kz.
92 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан отандасымыз екінші жекпе-жегінде ирандық боксшы Туфан Шарифимен кездесті. Сағындық Тоғамбай қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңді.
Жартылай финалда Сағындық Тоғамбай қытайлық Сюэчжэн Ханмен жұдырықтасады. Қарсыласы ширек финалда өзбек боксшысы Лазизбек Муллажоновты жеңген болатын.
Айта кетейік, Сағындық Тоғамбай қазақстандық боксшылар арасында бірінші болып жүлдеге ілікті.