Мектеп психологтарына артық жұмыс жүктеуге тыйым салынды – басқарма басшысы

Астана мектептерінде психолог мамандар жетіспейді.

Мектеп психологтарына артық жұмыс жүктеуге тыйым салынды – басқарма басшысы
isa.nis.edu.kz
2119

Астана мектептерінде психолог мамандар жетіспейтіндіктен, оларды артық жұмысқа жегуге тыйым салынады, деп хабарлады turkystan.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай мәлімдеме жасады.

Қазір мектеп басшыларының алдына талап қойып отырмыз. Яғни психологтарды өздеріне тиісті емес жұмыстармен жүктемеуге тыйым салып жатырмыз. Тыйым салынды. Қазір психологтар тек балаларға көмек көрсету және балалардың психологиялық жағдайын зерттеу жұмыстарымен ғана айналысады, - деді ол.

Қазір бір мектепте, соның ішінде үшауысымды мектептерде 3-4 психологтан бар. Ол жерде бір психологқа 700-800 баладан келеді.

Ал қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқан мектептерде 2 психологтан жұмыс істейді. Оған қоса, сынып жетекшілерінің рөлін де қарастырып жатырмыз. Оларға әдістемелік орталық әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізеді. Бұған дейін айтылған психологиялық қолдау орталықтарының 5 филиалы сынып жетекшілерімен де жұмыс істейді. Балаға негізгі психологиялық көмекті психологтан басқа, екінші анасы есептелетін мектептегі сынып жетекшілері де көрсетеді, - деп түсіндірді Сенғазыев брифингте.

Серіктес жаңалықтары