Тегін сұхбат бермеймін: Нұржан Керменбаев неге көрінбей кеткенін түсіндірді

Әншінің сөзінше, ол гонорарсыз сұхбат бермеу, телеарнаға шықпау туралы шешімге келген.

Тегін сұхбат бермеймін: Нұржан Керменбаев неге көрінбей кеткенін түсіндірді
ашық дереккөз
2179

Танымал әнші Нұржан Керменбаев неліктен көрінбей кеткені туралы Нұржан Еркінге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әншінің сөзінше, ол гонорарсыз сұхбат бермеу, телеарнаға шықпау туралы шешімге келген.

“Гонорарсыз шықпаймын” деген дүниені қойып қойдым. Ондай нәрселерді ашық айта беру керек деп ойлаймын. Негізі ақша бөлінеді екен, бірақ оны продакшндер өздігінше жұмсайтын көрінеді. Мұнде ешкімді айыптағым келіп отырған жоқ”, – дейді Нұржан Керменбаев.

Әнші қазір телеарналарға шақырту алғанда гонорарын да келісіп алады екен. Әнші айтылған ақшаға келіссе баратынын, келіспесе телеарнаға шықпайтынын айтады.

Серіктес жаңалықтары