Шымкентте ұрлық жасаған зейнеткер ұсталды (ВИДЕО)

Келтірілген шығын көлемі – 150 мың теңге.

Шымкентте ұрлық жасаған зейнеткер ұсталды (ВИДЕО)
polisia.kz
1880

Шымкенттегі азық-түлік дүкендердің бірінде зейнеткердің ұрлық жасаған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Телефонын орнынан таппаған азық-түлік дүкенінің қызметкері болған оқиға туралы полицияға шағым түсірген. Сатушы ұрланған гаджет тауар тұрған сөренің үстінде жатқанын көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі – 150 мың теңге.

Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бір сағаттың ішінде смартфонды ұрлаған адамның жеке басын анықтады. Ол 67 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Телефонға көзі түскен зейнеткер сөрелерден белгілі бір тауарды іздеп жүргендей кейіп танытқан. Сатушының назары басқа жаққа ауғанын пайдаланып, смартфонды тез арада сөмкесіне салып, дүкеннен шығып кетуге асыққан. Тәртіп сақшылары гаджетті тәркілеп, заңды иесіне қайтарып берді.

 

Серіктес жаңалықтары