жұма, 11 сәуір, 2025

LRT бағандарының бірі қисайып кеткен

/
Ашық дереккөз
Мердігер аталған тіректі бұзып жатыр.

City Transportation Systems (CTS) компаниясы салынып жатқан LRT бағандары бірінің қисайып кетуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жан-жақты зерттеу барысында 1 тіректің жобаға сай келмейтіндігі анықталды. Осы себепті мердігер аталған тіректі бұзып жатыр. Одан кейін қайтадан салады. Шығын бас мердігер есебінен өтеледі», – деді аталған компанияның баспасөз қызметінің жетекшісі Оксана Лоскутова.

Айта кетейік, Астанада құрылысы қайта жалғасқан LRT-ның қисайған бағаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған еді.

Бөлісу: