Астанада кісі өлтірген Өзбекстан азаматы ұсталды

Күдікті 2019 жылдан бері Астанада жасырынып келген.

Астанада кісі өлтірген Өзбекстан азаматы ұсталды
Ашық дереккөз
1175

Астана полициясы төрт жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады. Ол кісі өлтірді деген күдікке ілінген, деп хабарлады turkystan.kz.

Астана қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ер адам 2019 жылдан бері Астанада жасырынып келген. Ол Өзбекстанда ауыр қылмыс жасады деген айыптан кейін бірден осында келген.

«Іздеу» рейдінің барысында полиция қызметкерлері 31 жастағы қашқынды тауып, Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамады. Алдағы уақытта оны экстрадициялау мәселесі қаралады, дейді полицейлер.

 

Серіктес жаңалықтары