Шахтинскідегі балабақшада өрт шықты

Шахтинскідегі балабақшада өрт шығып, 105 бала эвакуацияланды.

Шахтинскідегі балабақшада өрт шықты
Stan.kz
516

«Гүлдер» балабақшасындағы өрт 20 қыркүйек күні музыка бөлмесінен шыққан. 

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, балабақшадағы жиһаздар, түрлі техника, музыкалық аппаратура және жалпы аумақтағы музыка бөлмесіндегі жылытқыш жанып кеткен.

«Төтенше жағдайлар қызметі келгенге дейін ғимараттан 132 адам, оның ішінде 105 бала эвакуацияланған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - электр жылытқышының қысқа тұйықталуы», - деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары