Ханчжоудағы Азия ойындарында Қазақстан Туы көтерілді
Қазақстан Туының салтанатты көтерілу рәсімінің бүгін, 21 қыркүйекте өтуі елдің спорт делегациясы Азия ойындарына ресми түрде барғанын білдіреді.
Қазақстанның спорт делегациясы ресми түрде Ханчжоудағы (ҚХР) жазғы Азия ойындарына барды, деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Қазақстан Туының салтанатты көтерілу рәсімінің бүгін, 21 қыркүйекте өтуі елдің спорт делегациясы Азия ойындарына ресми түрде барғанын білдіреді.
«Бүгін Ханчжоуда Азия ойындарында салтанатты жағдайда еліміздің туы көтерілді. Кейбір спорт түрлерінде іріктеу кезеңі басталып кетті. Алда бізді медальдар үшін қызу күрес күтіп тұр. Қазіргі уақытта Ханчжоуда біздің 200-ден астам спортшымыз орналастырылды. Спортшыларымыздың жаттығуы және орналастырылуы үшін қажетті жағдай жасалынған. Туындаған мәселелер олимпиадалық штабтың жұмыс кезеңімен шешімін тауып жатыр», - деді Ұлттық Олимпиадалық комитеті спорт департаментінің директоры Елсияр Қанағатов.
Жүзуден Қазақстан командасының көшбасшыларының бірі және ел рекордшысы Әділбек Мусин спортшылар үшін Туды көтеру рәсімінің маңызын атап өтті.
«Туды көтеру бұл ойынның басталғанын айғақтайды және қазақстандық делегацияның ойындарға кіруін білдіреді. Біз үшін, Ту – тек мемлекеттік рәміз ғана емес, ол біздің Отанымыз Қазақстанды бейнелейтін, бізді қашанда жеңіске жетелейтін басты нышанымыз!» - деді ол.
Ханчжоуда Азия ойындары 23 қыркүйекте басталады. Жарыс 54 аренада өтеді. Командалардың иелігінде 31 жаттығу базасы болады. Қазақстан құрамасында 525 спортшы бар, олар спорттың 30 түрінен сынға түседі. Оның 27-сі – олимпиадалық спорт түрі.
Осыдан кейін тоғыз спорт түрінен Парижде өтетін 2024 жылғы Олимпиадаға қатысуға лицензия алады: бокс, садақ ату, қазіргі бессайыс, жүзу, көркем жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, теннис, жеңіл атлетика.