Астанада 47 жастағы тұрғынның дүкен тонаған сәті видеоға түсіп қалды

Полиция карақшылық жасаған  47 жастағы қала тұрғыны анықталғанын мәлім етті.

Астанада 47 жастағы тұрғынның дүкен тонаған сәті видеоға түсіп қалды
Фото: видеодан кадр/POLICE_of_KZ
1072

Астанада 47 жастағы қала тұрғынының дүкен тонаған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлады turkystan.kz. 

Полицияға супермаркет өкілі белгісіз ер адам қымбат алкогольдік сусынды ашық түрде ұрлап кетпек болғанын айтып арызданған.

Полиция карақшылық жасаған  47 жастағы қала тұрғыны анықталғанын мәлім етті.

«Ер адам күндіз Петров көшесіндегі супермаркетте сатып алушы атын жамылып, тауар қараған сыңай танытқан. Ол сатушының залда жоқтығын пайдаланып, құны 16 мың теңгеден асатын бір бөтелке Dewars вискиін сөмкеге салып, сыртқа шығуға бет алғанда оның әрекетін байқаған кассир артынан жүгіріп барып, тоқтатпақ болған. Алайда ер адам ұрланған заттарды лақтырып, қашып кеткені белгілі болған», - делінген хабарламада.

Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары