Қазанда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Қазақстанда 25 қазан - Республика күні тойланады

Қазанда қазақстандықтар қанша күн демалады?
freepik.com

Қазан айында қазақстандықтар әдеттегі демалыс күндерінен бөлек тағы бір күн демалады. Себебі елімізде 25 қазан – Республика күні тойланады, деп хабарлады turkystan.kz.

Мереке сәрсенбіге сәйкес келетіндіктен, жұмыс кестесін өзгерту жоспарланбайды. Бірақ жұмыс аптасы қысқарады.

Бес күндік жұмыс аптасында:

23, 24 қазан жұмыс күні, 25 қазан демалыс, 26, 27 қазан жұмыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасымен:

23, 24 қазан жұмыс күндері, 25 қазан демалыс, 26, 27, 28 қазан жұмыс күндері.