Атырау облысында 5 жастағы бала кәріз құдығына құлап кетті (ВИДЕО)

Полицияға 5 жастағы баланың анасы хабарласқан

Атырау облысында 5 жастағы бала кәріз құдығына құлап кетті (ВИДЕО)

Атырау облысының полицейлері жоғалған баланы кәріз құдығынан тауып, құтқарды, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, оқиға Аққыстау ауылында болған.

«19 қыркүйек күні сағат 17:48 шамасында полицияға Аққыстау ауылының тұрғыны хабарласып, 20 минут бұрын үйінен 5 жастағы ұлының жоғалып кеткені туралы мәлімдеген», – делінген хабарламада.
 

Жедел-іздестіру жұмыстары дереу жүргізілген.
 

«Полицейлер баланың дыбысын тұрғын үй ауласындағы кәріз шұңқырынан байқап, шығарып алуға талпынған. Кәріз құдығының қақпағы тар болғандықтан бүлдіршіннің денесіне жарақат салмай құтқарып алып шығу үшін 5 минуттай уақыт кетті», – делінген хабарламада.

Баланың денсаулығы жақсы, дәрігерлердің қарауында болды.