Қазақстанда ішімдікті ең көп ішетін аймақ белгілі болды

Аймақта 3,5 млн теңге жұмсалған.

Қазақстанда ішімдікті ең көп ішетін аймақ белгілі болды
1524

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда ішімдікті тұтыну мөлшері өсті. Алкогольге жұмсалатын орташа шығын да артқан, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

EnergyProm.kz жариялаған ақпаратқа сәйкес, бірінші жартыжылдықта Қазақстан дүкендерінен коньяк 2,4 есе, арақ, ликерлер мен шарап 29,4% көп сатып алынған. Бұл ретте шампан (-3,2%) мен сыраны (-6,2%) тұтыну төмендеді. Дегенмен сыра барларда, мейрамханаларда және дүкендерде сатылатын алкогольдің 80%-ына тең.

2023 жылдың екінші тоқсанында қазақстандықтардың алкогольге жұмсаған шығыны 13,1% өсті. Сәуір-маусым айларында алкогольге жұмсалған шығын жан басына шаққанда шамамен 1,5 мың теңге болды (бұл - елдің барлық тұрғынын, оның ішінде ішпейтіндерді, балаларды және тағы басқаны есептегенде орташа көрсеткіш). Дереккөзге сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысы ішімдікті көп ішетін, ал Маңғыстау облысы аз тұтынатын аймақ саналады.

«2023 жылдың екінші тоқсанында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары алкогольге ең көп қаражат жұмсаған. Республика бойынша жалпы шығын 1,5 мың теңге болса, Шығыс Қазақстан облысында 2,2 есе көп: отбасы бюджетінен 3,4 мың теңге. Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары да сол шамада: 3,1 мың теңге. Қарағандылықтардың (2,9 мың теңге) және алматылықтардың (2,8 мың) шығыстары да осы сомаға жақын болды», – деп хабарлады Energyprom.kz.

Серіктес жаңалықтары