Ағза ауыстырудағы рекорд: адамға трансплантацияланған шошқаның бүйрегі 2 ай жұмыс істеді

Институт ғалымдарының сөзінше, бұл оқиға трансплантация саласының болашағына үлкен үміт сыйлап отыр.

Ағза ауыстырудағы рекорд: адамға трансплантацияланған шошқаның бүйрегі 2 ай жұмыс істеді
ашық дереккөз
1173

Нью-Йорк университетінің Langone трансплантациялау институтының ғалымдары адамға трансплантацияланған гендік-инженерлік шошқа бүйрегін зерттеуді аяқтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Гендік-модификацияланған шошқа бүйрегі миы істен шыққан адамның денесіне трансплантацияланған. Бүйрек 61 күн жұмыс істеген. Бұл ағза ауыстыру саласындағы рекорд көрсеткіш болды. Институт ғалымдарының сөзінше, бұл оқиға трансплантация саласының болашағына үлкен үміт сыйлап отыр. Бұл процедура – трансплантация институты 2021 жылғы 25 қыркүйектен бастап жасаған 5-ксенотрансплантация. 

Сурет: Джо Карротта

Зерттеу алдын-ала белгіленген күні жоспарлы түрде аяқталған. Дәрігерлер қайтыс болған адамды ИВЛ апаратынан алып, денесін отбасына қайтарыпты.

Қазір ғалымдар 5 жануардың мүшесін адамға сынап көріп жатыр. Бұл ағза ауыстыру кезегінде тұрған мұқтаж адамдардың өмірін ұзартады деген сенім бар. Себебі пациенттердің көбі өзіне сәйкес келетін ағза тапқанша, уақыт өткізіп алады.

Серіктес жаңалықтары