Әуежай қызметкерлерінің жолаушылардың қаражатын ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)

Екі қызметкер 600 доллар көлемінде ақша ұрлаған.

Әуежай қызметкерлерінің жолаушылардың қаражатын ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)
www.aviasales.kz
1340

Майами әуежайының екі қызметкері жолаушылардың сөмкесін ашып, заттарын ұрлап жатқан сәті видеоға түсіп қалған деп хабарлады turkystan.kz USA Today-ге сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, әуежайдың бақылау-өткізу пунктінде бірге жұмыс істейтін 33 жастағы Лабарриус Уильямс пен 20 жастағы Хосуэ Гонсалес жолаушылардың сөмкесін тексерген. Камерадан көрініп тұрғандай, Уильямс туристердің киімдерін ақтарып, арасынан бір затты тауып алып, оны жәшікке салады. Содан соң Гонсалес әлгі жәшіктегі затты алып, қалтасына салады.

Полицейлердің мәлімдеуінше, әуежай қызметкерлері бір туристің әмиянынан 600 доллар көлемінде ақшаны қолды қылған. Қазір екеуі де қамауға алынды.

 

 

Серіктес жаңалықтары