Үсік жүреді: 16 қыркүйектегі ауа райына болжам жарияланды

Ақмола облысының солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде 1 градус үсік жүруі мүмкін.

Үсік жүреді: 16 қыркүйектегі ауа райына болжам жарияланды
Фото: baq.kz

Қазгидромет 16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнде Қазақстанның оңтүстік - шығысындағы таулы аудандарында жаңбыр мен жылбысқы қар аралас жауын жауады.

Республиканың оңтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында екпінді жел соғады, орталығында бұршақ жауады, батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде 1 градус үсік жүруі мүмкін.